RU
Әйелінің құшағын раушан гүлдеріне толтырған Кенжебекке жұрт риза болды (видео)

Әйелінің құшағын раушан гүлдеріне толтырған Кенжебекке жұрт риза болды (видео)

Рассказать Вконтакте

"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов сүйікті жарын туған күнімен ерекше құттықтады. Танымал әнші мерекелік кеште әйелінің құшағын раушан гүлдеріне толтырып, оған тосын сый жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек туған күн кешіндегі аса айрықша сәттің видеосын өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

Бейнежазбадан әнші ет-жақындардың арасында өткен отырыстың үстінде кенеттен үлкен гүл шоғымен кіріп келгенін байқауға болады.

"Жаным туған күніңмен! Бала-шағаның қызығын көріп, бақытты күнді кешуді Алла нәсіп етсін" , - деген тілегін арнаған әнші жарына.

Желі қолданушылары "МузАрт" мүшесінің сүйіктісіне деген жылы лебізіне тәнті болып, ерлі-зайыптыларға ақ тілегін жаудырған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel