RU
10 жыл жүріп, үйленген жұлдызды жұп жеті айдан соң ажырасып кетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

10 жыл жүріп, үйленген жұлдызды жұп жеті айдан соң ажырасып кетті

Рассказать Вконтакте

Әлемдік танымал актер Лиам Хемсворт пен әйгілі әнші Майли Сайрус ажырасып кетті. Он жыл бойы кездесіп жүріп, шаңырақ көтерген жұлдызды жұп некелесуден кейін жеті айдан соң екі жаққа кетуді ұйғарған деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көпшілік тамсана қараған жұп ерлі-зайыптылар ретінде бірге тек жеті ай ғана тұрған.

Бір айырылысып, қайта табысқан ғашықтардың ажырасып кеткенін әншінің ресми өкілі растады.

Әзірге Майли мен Лиамның екі бөлек кетуіне не себеп болғаны белгісіз.

"Лиам мен Майли айырылысу туралы шешім қабылдады. Үнемі серіктес пен адам ретінде дамыған олар қазіргі таңда мансапқа мән берген дұрысырақ деп шешті. Олардың жеке өміріне сыйластық танытуларыңызды сұраймын" , - деді Сайрустың өкілі.

Қос ғашықтардың екеуі де бұл оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel