RU

Дмитрий Медведев Түрікменстан президенті сыйлаған күшікті көрсетті (видео)

Ресей Федерациясының Үкімет басшысы Дмитрий Медведев Түрікменстан президенті сыйға тартқан алабай күшігінің Горки-9 резиденциясында қыдырып жүргенін көрсетті деп хабарлайды strana.ua-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото кадрдан алынды
Фото кадрдан алынды: Facebook

Күшіктің резиденцияда қыдырып жүрген видеосын премьер-министр өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Видеода күшіктің резиденция залдарын аралап, Дмитрий Медведевпен бірге аулада қыдырып жүргені бейнеленген.

Премьер бұл видеоны күшіктің жағдайы жайлы сұрағандарға арнап салғанын жеткізді.

"Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың сыйлаған күшігі жайлы сұрағандарға... Бұл – төрт айлық Айк, Горки резиденциясында тұрып жатыр", – деп жазды Дмитрий Медведев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810504-dmitrij-medvedev-trikmenstan-prezidenti-syjlagan-ksikti-krsetti-video.html