RU
"Еркек - топырақ": Отандық блогер күйеуге шыққысы келетін қыздарға ақыл айтты

"Еркек - топырақ": Отандық блогер күйеуге шыққысы келетін қыздарға ақыл айтты

Рассказать Вконтакте

Құралай Ханым атымен танылған белгілі инста-блогер күйеуге шыққысы келіп жүрген аруларға өз кеңесін айтты. Ол бойжеткендерге жігітті қалай және қайдан табу керектігін де түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өз ақыл-кеңесін Құралай Ханым өзінің Instagram парақшасында жазған.

Ол тұрмысқа шығуға дайын, бірақ жігіт таба алмай жүрген қыздарға жол сілтеді.

"Негізі қыз 25 ке келгенде, болып-толып алады да, таңдауды бастайды. Отбасын құрғанда, қыз өзіне пар жігітті емес, жігіт өзіне шақ қызды таңдағаны дұрыс!

Жігіттің "айкюі" атқылап, қыздың энергиясын жапыру керек. Ойбай бас басымызға бай қайда, енді қайттық демеңіз!

Кеңістік - түбірі "кең" сөзінен шыққан, жігітке де қызға да бай әлем!

Жігіт жоқ деген жоқшылық сіздің санаңызда! Күнде үйден шыққанда: Еркекті Құдай топырақтан жаратқан! Топырақ деген көп, демек жігіт көп! "Күйеуге шығуға дайынмын" деп солдаттар секілді шығыңыз.

Біраз күннен соң, қайда жүрсеңіз де, айналаңызда бір қора жігіт қайдан пайда бола қалатынына таң қалып, қапылып, арасынан тыңайтылған топырақ іздеп шапқылап кетесіз" , - деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз
7
2
1
3
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel