RU
Ақтөбелік полицейлер 600 келіншекті өз күйеулерінен қорғап жүр

Ақтөбелік полицейлер 600 келіншекті өз күйеулерінен қорғап жүр

Рассказать Вконтакте

Ішімдікке салынып, некелі жарына пышақ жарақатын салатындар саны азаймай отыр. Ақтөбелік полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының көбейгеніне алаңдады. Өңірде әйелдерге күш көрсету оқиғасы жиі тіркеледі деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Азамат Ақбергенұлы. Фото: NUR.KZ

Тәртіп сақшылары жақындарынан таяқ жеп жүргендерді қорғауға бағытталған профилактикалық шара өткізуге дейін жетті.

Жанұялық жанжалға қатысты 600-ге жуық отбасы есепке алынған.

"Тұрмыстық жағдайда орын алатын ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу үшін 7-13 тамыз аралығында облыс аумағында тұрмыс жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оған 369 порлиция қызметкері жұмылдырылды.
Бір күн ішінде 194 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде тұрмыстық салаға қатысты 47 құқық бұзушылық тіркеліп, 107 адам профилактикалық есепке алынды",-дейді Ақтөбе облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Ақбергенұлы.

Жылына учаскелік полиция инспекторымен 5 мыңға жуық әкімшілік іс қозғалады. Оның дені әйелі мен күйеуі арасындағы жанжал.

Ағасы мен інісі, апасы мен інісі және әкесі мен баласы арасындағы кейбір ренжісудің соңы да қол көтеруге ұласып, полицияға жүгінумен аяқталады екен.

"Учаскелік полиция инспекторларында тұрмыстық жанжалға қатысты 600-ге жуық отбасы бар. Жарты жылдық бойынша тұрмыстық жанжал көбейген.

Кәмелеттік жасқа толған балалар ата-аналарының ішімдікке салынғанын айтып хабарласатын жағдайлар болады. Әкесін емдеуге жіберуді сұрап жатады. Әйел адамдар жанжол қол көтеруге жеткен кезде ғана полиция шақырады.

Осындай жағдайдың алдын алып, сотқа апармаудың алдын алу шаралары жүріп жатыр. Қорғау нұсқамасы бір айға қойылады. Бір айдың ішінде адам қандай да бір құқықбұзушылық жасамаса қорғау нұсқамасы бір айдың ішінде шешіледі. Қорлап тиісіп, балағат сөздермен психологиялық қысым көрсетсе ҚР ӘҚБК 461 бабымен жауапқа тартылады", - дейді Азамат Ақбергенұлы.

Қазір облыс бойынша ішімдікке салынған 1200-ге жуық адам есепте тұр. Жеті айда 168 маскүнем мәжбүрлі түрде сот арқылы емдеуге жіберілген.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel