Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жасар қызды алып қашқысы келген Жігер Ауыпбаев елден сөз естіді (фото)

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев "16 жастағы" хиджабтағы қызды алып қашқысы келетінін айтып, жұртты таңғалдырды. Отандық әнші желіде сүйіктісімен түскен суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Меломен" тобының экс-әншісі орамалды қызбен түскен фотосын Instagram парақшасына жүктеп, екі ойлы жазба қалдырған.

Ауыпбаев өзі құшақтап тұрған аруды елден жасырғысы келіп, оның бетін жауып қойған.

"Сен менің Королевамсың, Мен сенің Королің болам десем "Ағай,ағай"-дей береді. Қарындас қалай,қалай,қалай? Қойсаңшы күнім "ағайламай" Ағаң боп жүріп сүйіп қалдым Мен абайламай десем сынбай жатыр. Алып қашайын ба? Жасы 16 да" , - деп жазған ол.

Желідегілер әншінің бұл қылығын құптамай, оған сыни пікірлерді қарша жаудырған.

"Алып қашпа, жасы 18-ден ассын ең болмағанда" , "16 деген бала ғой, 18-ге келсін жоқ дегенде" , "16 жастағы қызды алып қашсаң, заңды түрде қылмыс жасаған боласың" , "Жігер қайда алып қашпақсың? Өз келіншегің бар емес пе" , "Сен үйленгенсің ғой. осы әншілерге таңқалам. Әйелдері қалай шыдайды екен" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1810517-16-zasar-kyzdy-alyp-kaskysy-kelgen-ziger-auypbaev-elden-sz-estidi-foto/

pixel