Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Екі әйелдің өліміне кінәлі деп танылған хирург Шымкентте жұмыс істеп жүр

Опубликовано:

Емделуші Дана Ағамұрадованың және бортсерік Лаура Ізбасарованың өліміне кінәлі деп танылған пластикалық хирург Дмитрий Писарев Шымкент қаласында қызметін жалғастырып жүр деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның журналистері анықтағандай, Instagram-дағы plastic_doctor_almatу парақшасындағы жазбаларға сәйкес, 1 тамыздан бастап хирург Шымкенттегі "ЕлМед" медициналық орталығында келушілерге кеңес беріп жүр екен.

Басылымның сөзінше, аккаунтты хирургтан айнымай қалған адам жүргізеді.

Оған қоса ол ерін мен кеуде үлкейту, блефаропластика мен сол секілді шаралардың нәтижелерімен бөлісіп отырады.

Аккаунттың 27 мыңнан астам оқырманы бар. Олардың басым бөлігі дәрігердің кеңесіне қай уақытқа жазыла алатынын сұрап, пікір жазып қалдырды.

Геотаңбаға қарағанда хирург Алматыда емес, Шымкент қаласында қызмет етуде. Ол алғашында Бішкекте болып, енді Шымкентте жүрген көрінеді.

"Время" басылымының журналистері Дмитрий Писаревке хабарласып, оның расымен де үшінші мегаполисте қызмет етіп жүргеніне көз жеткізбек болған.

Хирург өз кезегінде оның аккаунтына жарнаманы басқа дәрігердің салып жүргенін айтыпты. Оның сөзінше, ол қазіргі уақытта қабылдау жүргізбейді екен.

Сондай-ақ, ол өзінің лицензиясының тоқтатылмағанын, ал оны қайта қалпына келтіру үшін оқудан өтіп жатқаны сөз еткен.

Қайтыс болған бортсеріктің ісі бойынша тергеу жұмыстарына қатысты сұраққа Писарев жауап беру кезінде тергеу органдарына жүгінуге кеңес беріп, тұтқаны қоя салған.

Сол сәтте газеттің журналисі "ЕлМед" бас дәрігері Клара Өтеповамен сөйлесуді жөн көріпті.

Өтепова клиникада пластикалық хирург Дмитрий Писаревтің жұмыс істейтінін растаған. Журналистер бас дәрігерге пластикалық хирургқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын біле ме деген сұрақ қойған болатын.

Өтепова өз кезегінде бұл туралы хабарсыз болғанын айтты.

"Жоқ, менің хабарым жоқ. Сіз журналист емессіз бе? Сіз тергеуші орган емессіз - неге бұл мәселемен айналысып жүрсіз?", - деп жауап берген бас дәрігер.

Ол, сондай-ақ, хирургтың лицензиясы бар екенін растаған, алайда, егер тілші ресми хатпен келсе, құжаттарды жеке көрсетуге уәде беріпті.

Отадан кейін екі науқастың қайтыс болғанын бас дәрігер білмеген екен.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қаңтар айында Алматыда жеке медициналық орталықтың емделушісі липосакция отасынан кейін көз жұмды. Отаны пластикалық хирург Дмитрий Писарев жүргізді.

Дәрігер кінәлі деп танылғанымен, мерзімі өткен себепті жазадан құтылды.

2018 жылдың соңында Дмитрий Писаревпен жүргізілген отандан кейін бортсерік Лаура Ізбасарова қайтыс болды.

Осы ақпаратты көшіру және пайдалану тек "Издательство Время" ЖШС рұқсатымен ғана мүмкін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810520-bak-emdelusini-limine-kinli-dep-tanylgan-hirurg-kyzmetin-symkentte-zalgastyrdy/

pixel