Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абат Шыныбеков Орал қаласының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Бүгін Батыс Қазақстан облысының активіне Орал қаласының жаңа әкімін таныстырды. Шаһар басшысы болып 46 жастағы Абат Шыныбеков тағайындалды. Ол бұған дейін БҚО-дағы Қазталов ауданының әкімі болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Абат Шыныбеков. Фото: uralskweek.kz
Абат Шыныбеков. Фото: uralskweek.kz: UGC

Шыныбеков Абат Абайұлы 1973 жылы дүниеге келген.

Білімі - жоғары. 1995 жылы Батыс Қазақстандық ауылшаруашылық институтын "ауылшаруашылығы механизациясы" мамандығы бойынша тәмәмдаған.

1998 жылы "Еуразия" тілдер мен менеджмент институтында "Экономика және менеджмент" мамандығын бітірді.

Абат Шыныбеков 1996 мен 2003 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2003-2006 ж. – Қазталов ауданы әкімінің орынбасары.

2007-2008 ж. — Орал қаласы әкімінің кеңесшісі.

2008-2012 ж. – "Нұр Отан" БҚОФ төрағасының орынбасары.

2012-2013 ж. – Орал қаласы мәслихатының хатшысы.

2013-2017 ж. — БҚО-дағы Сырым ауданының әкімі.

2017 жылдан бастап — БҚО-дағы Қазталов ауданының әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1810544-abat-synybekov-oral-kalasyny-kimi-bolyp-tagajyndaldy/

pixel