RU
Бердімұхамедов жаңадан "Каспий" қаласын салуды ұсынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бердімұхамедов жаңадан "Каспий" қаласын салуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов "Аваза" курорттық аймағында Каспий экономикалық форумының ашылуына қатысып, көршілес мемлекеттерге "Каспий" инновациялық қаласын салуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: turkmenistan.gov.tm.

Фото: turkmenistan.gov.tm.

Түрікменстан басшысы "технологиялық және инновациялық бастамалар үшін маңызды алаң құрғанымыз жақсы болар еді" деген пікір айтты.

Президент ол үшін көршілес мемлекеттерге халықаралық инновациялық-технологиялық орталық құрып, оны "Каспий" деп атауды ұсынды.

Гурбангулы Бердімұхамедовтың болжауынша, инновациялық қалада Каспий маңындағы және өзге мемлекеттердің ғалымдары бірігіп, теңіз үшін жаңа технологиялық жоспар құруларына болады. Оның ойынша, инновациялық қалада сандық кластерлер құрылады.

Алайда, Түрікменстан басшысы жаңа қаланың нақты қай жерде орналасуы мүмкін екенін айтпады.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel