RU
Алматыда шуламауды ескерткен жігітке оқ атқан күдікті ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда шуламауды ескерткен жігітке оқ атқан күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматылық полицейлер түнгі уақытта шуламауды ескерткен 22 жастағы жігітке оқ атқан болуы мүмкін күдіктіні ұстады деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 29 жастағы азамат болып шықты. Оны тұтқындап, уақытша тергеу изоляторына қамауға алды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс "Бұзақылық" бабы бойынша қозғалды. Айғақты зат тәркіленді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда түнгі уақытта шуламауын ескерткен жігіт оқ жарақатын алғанын хабарлаған болатынбыз. Аталмыш оқиға 6 шілде күні түнде Алматының Жетісу ауданында болған. Зардап шегуші терезесінің түбінде шулаған екі адамға ескерту жасағанда сағат түнгі 3 болған. Алайда ер азаматқа жауап ретінде екінші қабаттың терезесіне оқ атқан.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel