Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баландин бастаған танымал спортшылар Абайдың өлеңін жатқа оқыды

Опубликовано:

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Ұлттық Олимпиада комитетінің бірнеше спорт федерациясының өкілдері ойшыл ғұламаның өлеңін оқып, танымал челлендждің жібін жалғады деп хабарлайды OLYMPIC басылымы.

Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz: UGC

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті эстафетаны "Астана" президенттік клубынан қабыл алды.

Челленджге бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбай, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, дзюдодан әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов, көркем гимнастика өкілі Алина Әділханова, гимнаст Нариман Курбанов, могулшы Юлия Галышева, боксшы Абылайхан Жүсіпов, және басқалары қатысты.

Ұлттық Олимпиадалық комитет челленджі Қазақстанның Паралимпиадалық комитетіне жолдады.

Айта кетейік, Абай175 челленджін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер қолдаған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810555-balandin-bastagan-tanymal-sportsylar-abajdy-lein-zatka-okydy/

pixel