RU
Президент жазушы Смағұл Елубайды қабылдады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Президент жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды.

Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel