RU
Алматы әкімінің орынбасары тұрғындарға әсерлі жазба арнап, қоштасты

Алматы әкімінің орынбасары тұрғындарға әсерлі жазба арнап, қоштасты

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қызметінен кетті. Осы орайда ол қала тұрғындарымен қоштасып, Facebook желісіндегі парақшасына пост жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Әукенов Алматы әкімінің орынбасары болып 4 жыл қызмет етті.

"Төрт жыл бұрын келгенімде-ақ осы толғандыратын сәтті елестететінмін. Міндетімнің орындалғанын сезініп, өз-өзіме "тапсырма орындалды, әрі қарай кеттік" деп айтатын сәтті ойлайтынмын", – деп жазды Әукенов.

Ол Алматыны одан әрі гүлдендіру үшін қала тұрғындарымен бірігіп, түрлі жобаларды жүзеге асырғанын айтты.

"Бастысы – ісіңе адал болып, барлық бастамаларды аяғына дейін жеткізу. Мәселен, коворкинг-орталықтар желісін құру, Doing Business рейтингін жақсарту, фронт-кеңселер құру немесе көптеген элементтері бар Vision Zero бағдарламасын іске қосу. Алматыда осындай көптеген жобалар жүзеге асырылды. Және біз бұл істерді сіздермен, мәселеге немқұрайлы қарамайтын тұрғындармен бірге бітірдік", – дейді қала әкімінің бұрынғы орынбасары.

Ол осы қызметінің арқасында өзінің туған қаласын жаңа қырынан танығанын жеткізді.

Сонымен қатар, шенеунік жаңа биіктерді бағындыру үшін жасалған қызметтен қорытынды шығара біліп, әрі қарай қимылдау керек екенін алға тартты.

Сөз соңында Ерлан Әукенов әріптестеріне алғысын айтып, сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel