RU
ҚТЖ Тальгодағы зорлыққа қатысты депутат мәлімдемесіне жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

ҚТЖ Тальгодағы зорлыққа қатысты депутат мәлімдемесіне жауап берді

Рассказать Вконтакте

ҚТЖ мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың "Тальго" пойызындағы жолаушыны зорлағаны үшін компанияның жауапкершілігі туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді деп жазады ҚазАқпарат.

Компанияның баспасөз қызметінде журналистерге депутаттардың ұсынысына түсініктеме беруге құқығы жоқ екенін мәлімдеді. Компания заң мен сот қаулысына сәйкес әрекет етеді.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінде компания басшылығының оқиғаға қатысты түсініктемені бұрын бергенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, депутат Әлтаев жәбірленушіге ҚТЖ-ға қатысты азаматтық талап қоюды ұсынды. Егер ол мұны шешсе, депутат әйелге үздік қорғаушыларды ұсынуға уәде берді.

Бұдан бөлек, Әлтаев компанияға енді ҚТЖ-ның жолаушылар қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етіп жатқанын түсіндіруін талап етіп хат жолдаған.

Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік жағдай өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" пойызында болған. Ақтөбелік жолаушыны екі жолсерік зорлады.

Сот жолсеріктерді кінәлі деп танып, оларды 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Тым жұмсақ үкім қоғам арасыцнда наразылық тудырды.

12 тамызда зардап шеккен адам алғаш рет камералардың алдында сөз сөйлеп, жолсеріктермен бірге спиртті ішімдік ішкендігі туралы қауесетке жауап берді.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel