RU
Жолаушыны зорлаған жолсеріктердің басшылары жазаланды
Жаңалықтар Қоғам

Жолаушыны зорлаған жолсеріктердің басшылары жазаланды

Рассказать Вконтакте

Елордада өткен "әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар" атты дөңгелек үстел барысында жолаушыны зорлаған жолсеріктердің басшылары қандай жаза алғанын айтылды деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның ресми өкілі Диас Ахметшариптің айтуынша, сотталғандарды жұмысқа қабылдаған батыс филиалының үш басшысы қызметінен босатылды. Тағы жеті қызметкер қатаң сөгіс алды.

Компания өкілінің сөзінше, лауазымға үміткерлер қатаң іріктеуден және үш кезеңнен тұратын әңгімелесуден өтеді. Сонымен қатар, сапар алдында және одан кейін барлық жолсеріктер психологтан адамдармен жұмыс істей алатыны туралы куәландырудан өтеді.

Жұмыс істейтін компания қызметкерлері қайта аттестациядан өтетін болады.

Бұдан бөлек, Ахметшарип билетсіз жолаушылар мәселесін қозғап, азаматтарды мұндай жағдайлар орын алса, хабарлауды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" пойызында ақтөбелік жолаушыны екі жолсерік зорлаған болатын.

Сот жолсеріктерді кінәлі деп танып, 2,5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Тым жұмсақ үкім қоғам арасында наразылық тудырды.

12 тамыз күні зардап шеккен адам алғаш рет камералардың алдында сөз сөйлеп, жолсеріктермен бірге спирттік ішімдік ішкендігі туралы қауесетке жауап берді.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев зардап шеккендерге ҚТЖ-ға қатысты азаматтық талап-арыз жіберуді ұсынды.

Егер ол мұны шешсе, депутат әйелге үздік адвокаттарды ұсынуға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel