RU
"Болашақ" президенті қызметінен кетті
Жаңалықтар Қоғам

"Болашақ" президенті қызметінен кетті

Рассказать Вконтакте

Жанболат Мелдешов "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның президенті қызметінен босатылды. Бұл туралы Facebook желісіндегі Bolashak scholarship administrator парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мелдешов ұйымды 2016 жылдан бері басқарған.

Хабарламада оның жетекшілігімен көптеген оң өзгерістер болғаны айтылды.

"Бірінші басшының жаңашылдық көзқарасы мен жұмысқа бар ынтасымен берілуінің арқасында Орталық шетелдік серіктестері арасында беделін нығайтты. Шетелдік ЖОО-лар бөлетін гранттар санын еселеп арттыруға қол жеткізілді. Бүгінде Қазақстан азаматтарында "Болашақ" стипендиясынан бөлек тегін жоғары білім алуына мүмкіндік бар. Жыл сайын үздік ЖОО-лардан 20 мыңнан астам грант тартылады. Жанболат Мелдешов бүгінде сапалы білімге ұмтылған қазақстандықтар жемісін көріп отырған жобалардың бастауында тұрды", - делінген Facebook-тегі жазбада.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel