RU
ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында жол апаты болып, соның салдарынан төрт адам көз жұмды. Одан бөлек тағы төрт жолаушы зардап шекті деп хабарлайды Алтайньюс сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: altaynews.kz

Фото: altaynews.kz

Басылымның мәліметінше, қайғылы жағдай Семей-Озерки тасжолында орын алды.

Қаладан шығаберістегі жолдың екінші шақырымында BMW-X5 көлігі аударылып қалған.

Полицияның мәліметінше, жүргізуші қауіпсіз жылдамдықты сақтамапты.

Соның салдарынан көлік аударылып кеткен.

"Жол апатынан машинада болған төрт адам, соның ішінде екі бала оқиға орнында мерт болды. Жүргізуші және өзге үш жолаушы медициналық мекемелерге жеткізілді", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 тармағы бойынша (Абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әкеліп соққан көлік құралын басқаратын тұлғаның жолда жүру ережесін бұзуы немесе көлік құралын пайдалануы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel