RU

Алматыда кеңсе тауарлары бар қойма өртеніп кетті (фото)

Алматыда кеңсе тауарлары қоймасы өртенді деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі: UGC

13 тамыз күні, сағат 05:06-да Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне Алатау ауданы, Самғау шағынауданы, Көкорай көшесіндегі 67 "А" үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Келген өрт сөндіру қызметі екінші қабаттың және екі қабатты қойманың кеңсе тауарларын сақтау бойынша 400 шаршы метр шатыры жанғанын анықтады.
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі: UGC

ТЖД жеке құрамы мен арнайы техникасы 1-бис жоғары нөмері бойынша ұлғайып, "Алматы Тазалық" 2 цистернасымен су тасу ұйымдастырылды.

Батыс жағынан ғимарат құрылысының құлауы, нысан аумағында сумен жабдықтау көздерінің болмауы өрт сөндіру жұмысын күрделендірді.

Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі: UGC
Өрт сөндірушілердің қолданған шаралары жеке тұрғын үй секторы аумағында құрама жемді сақтау бойынша көршілес қоймаға өрттің таралуының алдын алды.

Қызыл жалын сағат 6:28-де өрт ауыздықталды, 7:09-да толығымен сөндірілді.

Жеке құрамның 50 қызметкері мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810632-almatyda-kese-tauarlary-bar-kojma-rtenip-ketti-foto-video.html