RU
Алматы облысында көпбалалы отбасының төрт баласы үйден қашып кетті

Алматы облысында көпбалалы отбасының төрт баласы үйден қашып кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының Талғар ауданында бір отбасының кәмелет жасына толмаған 3-14 жас арасындағы төрт баласы үйлерінен қашып кетті деп хабарлайды inAlmaty.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Балалар темір жол вокзалында тәртіп сақшыларының назарына іліккен.

Басылымның мәліметінше, олар Маңғыстау облысына баратын пойыз күтіп отырыпты

Балалардың полиция қызметкерлерін "Маңғыстауда анамыз күтіп отыр" деп алдағаны белгілі болды.

Алайда тәртіп сақшылары балаларды пойызға жібермей, тексеріс жұмыстарын жүргізген.

Кейінірек оларды ата-аналарының іздеп, полицияға арыз бергені анықталды.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, балалардың жағдайлары жақсы.

Олардың ата-анасы да жұмыс істейтіні белгілі болды.

Полиция департаменінің ресми өкілі балалардың саяхат жасағысы келгенін, сол үшін үйдің үлкені кішкентайларды ертіп алғанын жеткізді.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel