RU
Жамбыл облысында өрт шығып, кәсіпкердің төрт түлік малы қырылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында өрт шығып, кәсіпкердің төрт түлік малы қырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында өрттің салдарынан кәсіпкердің төрт түлігі қырылды. Бизнесменнің қорада байлаулы тұрған 67 сиыры мен 5 жылқысы және 18 бас қойы тірідей жанып кетіпті деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Қораның әр бұрышында өлген малдың денесі жатыр. Шамамен жануарлардың басы шынжырмен байлаулы болған. Сол себепті қашып кете алмай, арам қайтқан.

Ал, болжам бойынша от жақын маңға жинаулы шөптен тұтанған. Кейін шарпыған жалынның ұшқыны қамыспен жабылған қораның шатырына тиіп, тілсіз жау өрши түскен.

Жұмысшылар бастапқыда өртті өздері сөндірмек болды. Бірақ жағдай ушығып, амалсыз құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды 4 сағатта ауыздықтаған.

Алайда төрт түлікті құтқарып қалу мүмкін болмады. Сонымен қатар, 200 тонна шөп күлге айналған. Қазір келтірілген шығын көлемі мен оқыс жағдайдың себебі анықталып жатыр.  

Дереккөз: КТК арнасы.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
7
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel