RU
"Ыңырситын дауыстар": Үйі жезөкшелер ордасына айналған алматылықтар шу шығарды
Жаңалықтар Қоғам

"Ыңырситын дауыстар": Үйі жезөкшелер ордасына айналған алматылықтар шу шығарды

Рассказать Вконтакте

Алматы тұрғындары өздері тұрып жатқан үйдің жезөкшелер ордасына айналып кеткенін айтып, шағымдануда. Олардың сөзінше, бірінші қабаттағы пәтерде жеңіл жүрісті әйелдер тұрып жатыр екен. Кешкілік уақытта ер адамдар да жиілеп келетін көрінеді. Сондай-ақ, ол аздай, үнемі ұятты дауыстар шығады. Тұрғындар тәртіп сақшыларының бәрін біле тұра, ешқандай амал қолданбай отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Үйдің тұрғындары бірінші қабаттың жезөкшелер ордасына айналып кеткенін сөз етті.

Кешкі сағат алтыдан кейін ол үйдің маңайына жолау мүмкін емес. Ең бастысы, адамдар бас қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын айтты.

"Бұл пәтерде үнемі күдікті тұлғалар жүреді. Менің бойжеткен қызым бар. Кейде кешігіп келеді, мен тысқа шығып, оны кіреберістен күтіп алуға мәжбүрмін. Қорқамын", - дейді Айғайша.

Тұрғындардың айтуынша, күн сайын кешке таман пәтерден ұятты дыбыстар мен ыңырсулар естіледі.

Олар өздері тергеу жүргізіп, пәтердің ер адамдар арасында сұранысқа ие екенін анықтаған. Сөздерінше, бірнеше айдан бері аталған үйде жеңіл жүрісті алты қыз ер азаматтарды қабылдап жүр.

"Жезөкшелікпен айналысады. Оларды С.Сейфуллин көшесін алып тастады. Енді қала бойынша тарап кетті. Бізге де маза жоқ. Үнемі ыңырсулар мен дыбыстар.
Учаскелік полицияға шағымдандық. Ол уақыты жоқ екенін айтып, өз көмекшісін жіберді. Ал ол келіп, өз ісін тындырып, кетіп қалды", -дейді үйдің тұрғыны Клара.

Тұрғындар енді жоғарғы органдарға арыздануға ниетті.

Алайда учаскелік полиция барлық кінәні жоққа шығуаруда. Ол жерде орданың жоқ екенін, ақпараттың анықталмағанын айтуда.

Дереккөз: 31 арнасы

Сіздің реакцияңыз
15
3
1
2
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel