RU
Атыраулық Хатиконың оқиғасы: Орнынан қозғалмаған ит иесін бір апта күтті
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық Хатиконың оқиғасы: Орнынан қозғалмаған ит иесін бір апта күтті

Рассказать Вконтакте

Атырауда алабай тұқымды ит өзін тастап кеткен иесін бір апта күткен. Оны қала тұрғыны құтқарып қалды деп жазады Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Мой город

Фото: Мой город

Басылымның мәліметінше, Виктория есімді Атырау тұрғыны ит туралы желіден біліп, оны іздеп барған.

Бір аптаға жуық тамақтанбаған иттің әбден әлі құрып, үруге шамасы жетпей қалған. 

"Менің иттермен айналысқаныма 30 жылдай болды. Тіпті оларға арналған жайым да бар. Шынымды айтсам, бұл ит туралы ести сала, қарап отыра алмадым", - деді Виктория.

Оның айтуынша, итті қожайыны әдейі тастап кеткен.

"Жақын жерде дүкен бар екен. Бірақ ешкім итті тамақтандырмаған. Мұны иесі әдейі айдалаға тастап кеткен сияқты. Итті ақша үшін асырап, күшіктерін сатумен айланысқан болуы керек. Кейін керек қылмай далаға апарып тастаған", - деді әйел адам.
Фото: Мой город

Фото: Мой город

Қайырымды жан алабайды ветеринарға тексертіп алғанын да жеткізді.

Ол итке Мадлен деп ат қойғанын атап өтті.

"Ит қансырап әбден ауыр халге жеткен. УДТ-ға түсіріп, емдеу керек. Оның бәрін жасаған соң жаңа иесін табу үшін еріктілерге берем", - деді қайырымды жан. 
Фото: Мой город

Фото: Мой город

Фото: Мой город

Фото: Мой город

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
25
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel