Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев теңгенің құнсыздануын түсіндіріп берді

Опубликовано:

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында теңгенің әлсіреуін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ұлттық банк төрағасы валюта нарығындағы ахуал көп жағдайда сыртқы факторларға тәуелді екенін атап өтті.

"12 тамыздағы жағдай бойынша теңге бағамы жыл басынан бері 0,9 пайызға әлсіреп, бір доллар үшін 387,48 теңгені құрады", - деді Досаев.

Бас банкирдің айтуынша, 31 шілде мен 7 тамыз аралығында мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 65,2 доллардан 56,2 долларға дейін күрт төмендеген.

"Бұл АҚШ президентінің Қытай тауарларына баж енгізетінін мәлімдегеннен соң болды. 12 тамыздағы жағдай бойынша мұнай бағасы барреліне 58,5 долларға дейін өсті. Ресей рублі айдың басынан бастап 12 тамызға дейін бір АҚШ доллары үшін 63,4 рубльден 65,4 рубльге дейін, 3,2 пайызға әлсіреді", - деді Досаев.

Ол ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 1 тамызда 27 миллиард 700 миллион долларды құрағанын жеткізді.

"Бұл екінші деңгейдегі банктердің валюталық свопты жабуымен және үкіметтің сыртқы борышын өтеу нәтижесінде шілдеде 1,8 пайызға төмендеді", - деді бас банкир.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810668-dosaev-tegeni-knsyzdanuyn-tsindirip-berdi/

pixel