Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байзақова тергеу изоляторында таңғы 6-да дәретхана жуғанын айтып берді

Опубликовано:

Атышулы блогер Айжан Байзақова Digistan Youtube жобасының төртінші шығарылымына қатысып, тергеу изоляторында отырған кезін есіне алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2017 жылы Алматы полициясы Байзақованы өзіне тиесілі барда жартылай шешінетін байқау ұйымдастырғаны үшін үш тәулікке қамаған болатын.

Сөйтіп, ол арнайы абақтыдан 29-желтоқсанда шықты.

Байзақова сұхбат барысында тергеу изоляторынан алған әсерімен бөлісті.

"Ешқандай азаптау болған жоқ, ол жерде маған жақсы қарады. Керісінше, маған бәрі ұнады. Мен сол жерде болған адамдардың қарым-қатынасы туралы айтып отырмын. Менің денсаулығымды сұрап, ауырсынуды басатын дәрілер әкелді, тоқтаусыз келді, менің аяғым қалай болғанын сұрап отырды", - деді Байзақова.

Бұдан бөлек, блогер тергеу изоляторындағы жағымсыздау естеліктерімен де бөлісті.

"Дәретхана жуу үшін мені таңертең 6-да оятты. Шелек пен қолғап беріп, жууға жіберді. Бұл қайғылы болды.

Аулада серуендеуге, темекі тартуға 15 минут уақыт берді. Іште де шылым тартуға болатын.

Айтпақшы, олар маған бір қорап ментол шылымын жіберген кезде мен темекіден ментолды шығарып, өзіме дезодорант жасап алдым. Ішім пысқаннан", - деп қосты ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810673-bajzakova-tergeu-izolatorynda-tagy-6-da-drethana-zuganyn-ajtyp-berdi/

pixel