RU
Тұрмысы төмен азаматтар кредитін жапқызу үшін қайда жүгіну керек?

Тұрмысы төмен азаматтар кредитін жапқызу үшін қайда жүгіну керек?

Рассказать Вконтакте

Тұрмысы төмен азаматтардың 300 мың теңге мөлшеріндегі қарызы тамыз айының соңына дейін өтелетіні туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бас банкир қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту мақсатында үкімет пен ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп екі бағытта жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Оның сөзінше, біріншісі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша 300 мың теңгеге дейінгі берекшекті өтеу болып табылады.

Досаев азаматтардың тізімдері бойынша берешек жайлы ақпарат жиналғанын жеткізді.

Сондай-ақ, қарызы өтелгендердің де тізімі жасалғанын мәлімдеді.

Ұлттық банк төрағасы берекшекті өтеу тамыздың соңына дейін ақталатынын білдірді.

Досаев кредиті өтелетін қазақстандықтар банктер мен микроқаржы ұйымдарына өтініш жазбайтынын ескертті.

Оның айтуынша, берешекті өтеу жұмысын кредиторлар дербес жүргізеді.

Содан кейін кредиторлар әрбір қарыз алушыға тиісті хабарлама жібереді.

"Екінші бағыт – барша қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша 2019 жылғы 1 шілдеде есептелген айыппұлы мен өсімпұлын есептен шығару. 30 шілдеде банктер мен микроқаржы ұйымдары 33 миллиард 600 миллион теңгеге 1 миллион 200 мың азаматтың айыппұлы мен өсімпұлын кешірді", - деді Досаев.

Ол 20 тамызға дейін ұлттық банк банктер жұмсаған шығынның 30 пайызын өтейтінін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
1
11
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel