Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевтың құрметіне тағы бір көшенің атауы өзгертілмек

Опубликовано:

Қостанайдағы Гагарин көшесі Назарбаев даңғылына өзгертілетін болады деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің бірлескен қаулысы мен "Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы" облыстық мәслихат шешімінің жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Құжат 12 тамыз күні құқықтық нормативті актілердің ашық интернет-порталында 26 тамызға дейін талқыға түсу үшін жарияланған.

Ол жерде атауды өзгерту туралы шешімнің жергілікті тұрғындардың пікірімен санаса отырып, 9 тамыз күні үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданатыны жазылған.

Қаулы жобасында Қостанайда Юрий Гагарин атындағы көшенің Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына, ал Гвардия көшесінің Юрий Гагаринге ауыстырылатыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810691-nazarbaevty-krmetine-tagy-bir-kseni-atauy-zgertilmek/

pixel