RU
Баландиннің көлігінен айна ұрлаған жігітке қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар Қоғам

Баландиннің көлігінен айна ұрлаған жігітке қатысты сот үкімі шықты

Рассказать Вконтакте

Алматыда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің автокөлігінің айнасын ұрлаған Айдос Валиевке қатысты сот үкімі шықты деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім оқылған соң Валиев босатылды.

Бұған дейін сотталушы Баландиннің және тағы бір зардап шегушінің материалдық шығынын өтеген болатын. Баландин Валиевтан 465 мың теңге алған.

Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында Алматыда Дмитрий Баландиннің көлігінің айналарын ұрлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Күдіктіні тәртіп сақшылары екі күннен соң тұтқындады. Ер азамат өз кінәсін толықтай мойындады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel