RU
Атамбаев төңкеріс жасауға дайындалған

Атамбаев төңкеріс жасауға дайындалған

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев маңызды мәлімдеме жасады. Ол елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс жасамақ ниетте болғанын айтты деп хабарлайды akipress.org-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алмазбек Атамбаев. Фото: akipress.org

Алмазбек Атамбаев. Фото: akipress.org

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Атамбаев қарттар мен әйел адамдарды жанына әдейі шақырып алғанын айтты.

Оларға ақша төлегенін де жеткізді.

Опумбаев экс-президентке арнайы жасақтардың әрекеттері туралы алдын-ала хабарланғанын, содан кейін үйге әйелдер, қарт адамдар мен балалар жиналғанын мәлімдеді.

"Оған қан керек болды. Оған төңкеріс қажет болды", - деді ол.

Бұдан бөлек, Опумбаев Атамбаевтың үйінен қарулар табылғанын айтты.

Еске сала кетсек, 27 маусымда Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылған. Бұрынғы Қырғызстанның басшысы осы мәселеге қатысты шағым түсірген.

Оны бірнеше рет сотқа шақырған. Ал шілденің соңында тергеушілер атышулы қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты жауап алу үшін Атамбаевтың резиденциясына барған. Бірақ оларды ішке кіргізбеген.

7 шілдеде Қырғызстанда бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталғаны хабарланды.

Арнайы жасақ оның Қой-Таштағы резиденциясына шабуыл жасағанымен, бұрынғы басшысының жақтастары оларға тойтарыс бере білген.

Алайда 8 тамызда қарулы күштер шабуылды қайта бастап, нәтижесінде Атамбаевтың өзі берілген.

Сіздің реакцияңыз
7
2
2
2
0
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel