RU

Алматылық полицейлер қалта ұрыларының суретін жариялады

Алматы қаласының Полиция департаменті ұрылардың суретін жариялады деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алматы қаласы ПД
Фото: Алматы қаласы ПД: Twitter

Қылмыстық полиция басқармасының ақпаратынша, мегаполисте 1-11 тамыз аралығында 19 қалта ұрлығы қылмысын жасаған 18 ұры ұсталған.

Олар уақытша ұстау изоляторында.

Фото: Алматы қаласы ПД
Фото: Алматы қаласы ПД: Twitter

Олардың ішінде екі Ресей азаматы, Балқаштан, Тараздан және Қазақстанның басқа облыстарынан келген азаматтар бар.

Фото: Алматы қаласы ПД
Фото: Алматы қаласы ПД: Twitter
"Тәжірибе көрсеткендей, ұрлықты көбіне өзге қала тұрғындары жасайды. Көбінесе қоғамдық көлікте және халық көп жиналған аймақта ұрлайды.
Сондықтан да, мүліктік қауіпсіздік шараларын сақтап, жеңіл пайданы жақсы көретіндер үшін ыңғайлы қылмыстық орта жасамау өте маңызды", - деді полиция.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1810703-almatylyk-policejler-kalta-rylaryny-suretin-zarialady.html