RU
"Central Asia’s got talent": 15 қыркүйекте көрерменге ерекше жоба жол тартады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Central Asia’s got talent": 15 қыркүйекте көрерменге ерекше жоба жол тартады

Рассказать Вконтакте

2019 жылдың 12 тамызы күні Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында Central Asia’s Got Talent («Орталық Азия таланттарды іздейді») жобасының төрешілерімен баспасөз-конференциясы өтті.

Central Asia’s got talent жобасы 15 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

Бұл жоба - қатысушылардың жасы мен талантының қандай болғанына қарамастан бағын сынап, өнерін көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей жоба. Шоудың жеңімпазы атақ-даңқпен бірге қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады. Жоба 15 қыркүйектен бастап «Хабар» арнасынының эфирінен көрсетіледі.

Баспасөз-конференциясына «Хабар» телеарнасының Бағдарламалар директоры – Айкүміс Сексенбаева, Central Asia’s Got Talent жобасының продюсері – Серік Акишев, сондай-ақ халықаралық төрешілер: Нұрлан Абдуллин (Қазақстан) және Ситора Фармонова (Өзбекстан, кино әртісі, әнші) қатысты.

Central Asia’s got talent жобасы 15 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады
«Central Asia’s Got Talent» - бұл халықаралық франшиза. Жоба барысында бізді 3 ел қолдады. Олар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және біз Қазақстан – бастамашы болып келеміз. Бүгінгі таңда түсірілім жұмыстары аяқталды. Жалпы іріктеуге 200-ден астам адам қатысып, төрешілер ең үздік дегенін таңдады. Байқауға би билеп, ән айтатын, сондай-ақ басқа да түрлі өнер иелері келіп, бар білгенін ортаға салды. Біздің ең басты мақсатымыз - жаңа есімдерді, жаңа талант иелерін ашу, оларды халыққа паш ету. Айта кету керек, «Central Asia’s Got Talent» бізде ғана емес, жоғарыда айтылған 4 мемлекетте бір уақытта көрсетілетін болады. Яғни, дарын иелері - тек қана біздің елде емес, Орта Азия мемлекеттерінде де танымалдылыққа ие болады деген сөз. 15 қыкүйектен бастап, әр жексенбі, «Хабар» телеарнасын көріңіздер!» - деді «Хабар» телеарнасының Бағдарламалар директоры Айкүміс Сексенбаева.
Central Asia’s got talent жобасы 15 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

Төрешілердің айтуынша,қатысушылардың қарасы аз болмаған сыңайлы. Десе де, іріктеу кезеңінің жазғы демалыс уақытына тұспа-тұс келгендігі – еліміздің атынан төрелік еткен Нұрлан Абдуллинді селт еткізбей қоймағанға ұқсайды.

«Мен енді өзіміздің еліміздің атынан болғандықтан, біраз қобалжыдым, себебі іріктеу жаз айларында болды, бәрі демалыста, естімей, білмей, нағыз тума таланттар қалып кетеді ме деп уайымдадым. Құдайға шүкір, біздің еліміздің қанында өнер, талант деген баршылық қой. Бұл тіпті жәй ғана талант емес, бүкіл Орта Азия елдеріне паш етілетін жоба болғандықтан өте үлкен жауапкершілікпен қарадық»,- дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұрлан Абдуллин.
Central Asia’s got talent жобасы 15 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады

Ал Өзбек елінің атынан төрешілер тізгінін ұстаған - Ситора Фармонова Орта Азия елдері өнерпаздарының талантына тағы бәр мәрте тәнті болғанын жасырмады.

«Қазақстанда жиі болып тұрамын. Бұл елдің өнері жағынан өзгелерді шаң қақтыратындығына еш күмәнім болған жоқ. Осы жобаның түсіріліміне келе жатқанымда қазақ халқының ұлттық әнін-биі мен халықтық музыкасын қалай көрсетеді деген қызығушылығым болғандығын жасырмаймын. Және күткен үмітім ақталды. Өте керемет әсер алдым, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір түсінгенім, негізі нағыз тума таланттар - Орталық Азия елдерінде екен, оны бұрыннан білетінмін, бірақ осы жолы оған толық көзім жетті»,- деп қуанышын жасырмады Ситора Фармонова.

Got Talent – Fremantle британдық компаниясының форматы. Авторы Саймон Коуэлл. 2006 жылдың маусым айында телебайқау «America’s Got Talent» деген атпен Америкада жарыққа шықты. Осы уақытқа дейін лицензия арқылы формат әлемнің 70 елінде жүзеге асырылған. 2014 жылдың сәуір айында Got Talent әлемдегі ең сәтті телевизиялық формат ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Дәл сол кезде телебайқаудың франшизасы әлемнің 58 елінде көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel