RU
Павлодарда оқушы қыз суға кеткен екі баланы құтқарып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда оқушы қыз суға кеткен екі баланы құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Қалалық № 42 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Дарья Матюшонок Усолка өзенінде суға батып кете жаздаған екі балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Көрнекі фото: subscribe.ru

Көрнекі фото: subscribe.ru

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 40 жастағы ер азамат суға батып бара жатқан 2004 және 2006 жылғы екі баланы құтқарып қалған.

Ведомство жасөспірімдердің ересектердің қарауынсыз қалғанын жеткізді.

"Судың жағасында жүрген № 42 мектептің оқушысы Матюшонок реанимациялық шаралар жүргізе бастаған кезде құтқарушылар келген. Әрі қарай балаларды жедел жәрдемге тапсырған", - деді ТЖД-нің баспасөз қызметі.

№ 42 жалпы орта білім беру мектебі директорының орынбасары Зәуреш Жүсіпованың айтуынша, Дарья Матюшонок өткен жылы да екі баланы құтқарып қалып, медициналық көмек көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel