RU
Қарағанды облысында өртке байланысты табиғи саябақта ТЖ жарияланды

Қарағанды облысында өртке байланысты табиғи саябақта ТЖ жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында өрт шарпыған аумақ шамамен 500 гектарды құрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay

Көрнекі сурет: pixabay

Тілсіз жау 12 тамыз күні кешке басталған. Өртпен күресуге 169 адам мен 27 техника бірлігі жұмылдырылды.

Атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, табиғи саябақтың, орман мен жануарлар әлемін қорғау бойынша Кувск қожалығының, өртке қарсы еріктілер құрылымының және жергілікті полицияның қызметкерлері бар.

Қарқаралы ауданының әкімі табиғи сипаттағы Төтенше жағдай тәртібін жариялады.

Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті биыл қаңтар айынан бері аймақта 15 орман өрті болғанын атап өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге көп. Өрттің тұтануына ыстық, жауын-шашынсыз желді ауа райы ықпал етуде.

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен өртке қарсы еріктілер құрылымының өкілдері Бұқар Жырау, Ұлытау, Абай, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында 5 дала өртін бақылауда ұстауда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Егіндібұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде өрт шыққаны хабарланған. Кейіннен жалын ұттық табиғи саябақтың аумағына қарай тараған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel