RU
"Кешьюдің" бұрынғы әншісі өзін ажырасып кетті деген қауесетке нүкте қойды

"Кешьюдің" бұрынғы әншісі өзін ажырасып кетті деген қауесетке нүкте қойды

Рассказать Вконтакте

"Кешьюдің" бұрынғы әншісі Элизат Берікова өзінің ажырасып кеткені жөнінде тараған қауесеттерге қатысты жауап берді. Күйеуімен түскен суреттерін жариялауды қойған ару бұл әрекетіне не себеп болғанын да айтып өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Элизат парақшасына жолдасымен түскен суреттерін салмай кеткендіктен, ерлі-зайыптылардың айырылысып кеткенін болжаған.

Алайда, өнер иесі бұған жауап ретінде Instagram желісінде отбасылық сурет жариялап, алғаш рет ұлын көрсетті.

"Мұндай қауесеттер қайдан шығады? Түсінсем бұйрмасын. Мен күйеуімді көрсетпегенім ажырасып кеткенімізді білдірмейді. Ол көрінгісі келмейді. Бар болғаны осы. Бұл оның өз таңдауы. Бізді ажырасытруды қойыңыздар. Біз былтыр ғана отбасын құрдық.
Ал бұл біздің ұлымыз. Есімі - Батырхан. Менің болашақ ұшқышым. Мен оның пилот болғанын қалаймын. Ұқсамасаң тумағыр, әкесінің айнымай қалған. Әлі қыз болып, өшімді аламын. Сол себепті, жоқ нәрсені ойдан шығармаңыздар. Біз тоғыз жыл біргеміз" , - деп ағынан жарылды жас ана.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel