RU
Жөндеу жұмыстарына келіспеген Арыс тұрғыны өз үйін қиратып тастады (видео)

Жөндеу жұмыстарына келіспеген Арыс тұрғыны өз үйін қиратып тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Арыс қаласының тұрғыны бір түнде балта мен сүйменнің көмегімен өз үйін қиратып тастаған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан

Кадр видеодан

Қалқамановтың мәліметінше, бұл жағдай Төле би көшесі, 183 мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған.

"Бірінші видеоны құрылысшылар түсірген. Ол кезде үйдің қожайыны жөндеу жұмыстарына келіспеген. Жарылыстан болған залалды асыра айтып, үйді бұзуды талап еткен.
Әлбетте, көршісінің іргесіне дейін қирап қалған саманнан салынған үйін қайтадан кірпіштен тұрғызып жатқан кез келген адамда қызғаныш тууы мүмкін. Бірақ, саналы түрде жеке мүлкіңді қирату – бұл енді артық... Ертесіне (екінші видео) үй басқаша көрініп тұрды", – деп жазды Сәкен Қалқаманов.

Сіздің реакцияңыз
27
2
2
4
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel