RU
Атамбаевты берілуге көндірген полицейді "сатқындығы" үшін қызметінен қуды
Жаңалықтар Қоғам

Атамбаевты берілуге көндірген полицейді "сатқындығы" үшін қызметінен қуды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан ІІМ басшысының орынбасары, экс-президент Алмазбек Атамбаевты берілуге жеке көндірген Құрсан Асанов «сатқындық» жасағаны үшін жұмыстан босатылды, деп жазады 24.kg басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

собрр

Құрсан Асанов. Фото: РИА Новости

Асанов Атамбаевты қақтығыс ушығып кетпес үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз еркімен берілуге көндірген.

Кейіннен ІМ басшысы орынбасарының үстінен полиция қызметтік тексеріс жүргізеді.

Тергеу нәтижесінде Асанов қызметінен босатылған.

Ішкі істер министрлігі мұны қырғыз милициясының мүдделеріне қарсы келгені және сенімнен шыққаны үшін деп түсіндірді.

Еске сала кетсек, 27 маусымда Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылған. Бұрынғы Қырғызстанның басшысы осы мәселеге қатысты шағым түсірді.

Оны бірнеше рет сотқа шақырған. Ал шілденің соңында тергеушілер атышулы қылмыскер Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты жауап алу үшін Атамбаевтың резиденциясына барды. Бірақ оларды ішке кіргізбеген.

7 шілдеде Қырғызстанда бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы басталғаны хабарланды.

Арнайы жасақ оның Қой-Таштағы резиденциясына шабуыл жасағанымен, бұрынғы басшысының жақтастары оларға тойтарыс бере білген.

Алайда 8 тамызда қарулы күштер шабуылды қайта бастап, нәтижесінде Атамбаевтың өзі берілген.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Орозбек Опумбаев елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс жасамақ ниетте болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
19
2
4
4
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel