Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан сапында ойнайтын футболшы қыз ШҚО-дағы жол апатынан аман қалды

Опубликовано:

«Семей - Озерки» тас жолындағы апаттан зардап шеккендердің арасында Қазақстан құрамасының футболшысы Диана Қайдарова да болды деп жазады Vksport.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

футболистка
Диана Қайдарова. Фото: Vksport.kz: UGC

Басылымның мәліметінше, жеті адамнан тұратын компания Озерки ауылынан демалыстан қайтып келе жатқан.

Бір кезде BMW X5 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кетіпті.

Жол апаты бірден төрт адамның өмірін қиды. Қайтыс болғандардың арасында - 11 айлық бала және Шығыс Қазақстан облысының екі жас футболшылары - 22 жастағы Екатерина Чебаева және 15 жастағы Елизавета Старчукова болған.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында ойнайтын 19 жастағы Диана Қайдарова апаттан аман қалды.

Дәрігерлер оның өмірі үшін бірнеше күн бойы күрескен. Ертең, 14 тамызда оның омыртқасына ота жасалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810801-kazakstan-sapynda-ojnajtyn-futbolsy-kyz-sko-dagy-zol-apatynan-aman-kaldy/

pixel