Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда алабай тұқымды күзет иті 4 жасар баланы талап тастаған

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда алабай тұқымынан шыққан күзет иті 12 тамыз күні 4 жасар балаға шабуыл жасады. Бала денесінде және басында көптеген жарақат алған, сондай-ақ қолы қатты зардап шеккен деп хабарлайды елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

итттт
Көрнекі фото: nashvet.ru: UGC

Иттің бүлдіршінге тұрғын үй ауласында серуендеп жүрген кезінде шабуылдағаны белгілі болды.

Қансырап, жарақат алған баланы әкесі тауып алған. Ол ұлын ауруханаға өзі тезірек жеткізуді ойлапты.

Алайда қарбалас уақыты болғандықтан, Александр (зардап шеккен баланың әкесі - ред.) кептелісте тұрып қалған. Қиылыста полицияның патрульді көлігін байқап қалған ол бірден көмек сұрапты.

Тәртіп сақщылары ойланбастан Александрдың көлігін тоқтатпастан қалалық балалар ауруханасына дейін ертіп апарған.

Бүлдіршінге өз уақытында медициналық көмек көрсетілді. Қазір ол ем алуын жалғастыруда және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Баланың әкесі оқиға болған күннің ертесіне полицияға барып, көмек көрсеткендері үшін жеке алғыс білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810804-nr-sltanda-alabaj-tkymdy-kzet-iti-4-zasar-balany-talap-tastagan/

pixel