Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп: АҚШ Ресей зымыранының жарылғаны туралы көп мәлімет біледі

Опубликовано:

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің сынақ кезінде жарылған зымыраны туралы көп мәлімет білетінін мәлімдеді деп жазады Centralasian.org.

nhfvg
Дональд Трамп. Фото: korrespondent.net: Getty Images

Ол Twitter-дегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялаған.

"Құрама Штаттар Ресейдің сәтсіз ұшырылған зымыраны туралы көп нәрсені білді. Бізде осы тәріздес қару бар, бірақ ол әлдеқайда жетілген. Ресейдің Skyfall зымыранының жарылуы полигоннан алыстағы адамдарды да алаңдатты", - деп жазды Трамп өз хабарламасында.

Skyfall - "Буревестник" қанатты ұшағын НАТО осылай деп атаған. Ядролық двигательі бар зымыран ядролық қару алып ұша алады.

8 тамызда Ресейдің Архангельск облысында зымыран жарылды. Мамандар оны сәтсіз аяқталған тәжірибе деп болжайды.

АҚШ мұндай қаруды жасаудан өткен жылдың 60-шы жылдары бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810806-tramp-aks-resej-zymyranyny-zarylgany-turaly-kp-mlimet-biledi/

pixel