RU
Досым Сәтбаев: Атамбаевты саясат сахнасынан ығыстыруға тырысып жатыр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Досым Сәтбаев: Атамбаевты саясат сахнасынан ығыстыруға тырысып жатыр

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев қазір қамауда отырған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты болып жатқан жағдайларға пікір білдірді деп хабарлайды Астана арнасы.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің жетекшісі Орозбек Опумбаев бұрынғы ел басшысын мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп мәлімдеген еді.

Ал Атамбаев пен оның адамдары арнайы жасаққа қарсы шыққан ауыл тұрғындарына ақша төлеген деп отыр. Тіпті арнайы операция туралы ақпарат берген бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшісі мен Ішкі істер министріне ақша ұсынған деп хабарлады.

Отандық саясаттанушы Досым Сәтпаев мұның бәрі саяси ойын деп отыр.

Оның сөзінше, келер жылы Қырғызстанда парламент сайлауы өтеді. Сондықтан қазіргі президент өзін мұрагер еткен Атамбаевты, яғни басты қарсыласын саясат сахнасынан ығыстыруға тырысады. Кезінде бұл әдісті Алмазбек Атамбаевтың өзі де қолданғанын айтты.

"Сооронбай Жээнбеков үшін Алмазбек Атамбаев қауіпті. Ол кезінде билікке келуіне көмектескен адам, ал ешкім біреуге борыштар болғысы келмейді. Әдетте мұндай адамдарды ығыстырады. Келер жылы парламент сайлауы өтеді.
Жээнбековке бәсекелестік тудыратын Атамбаевты алып тастау маңызды. Екеуінің де мақсаты - билікті уысында ұстау. Бірақ Атамбаевты ығыстырғанымен оның орнын оппозиция басады. Сондықтан Жээнбековке арқасын кеңге салуға болмайды", - дейді Досым Сәтбаев.

Еске сала кетейік, "Альфа" арнайы жасағының Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы сәтсіз аяқталған еді.

Ауыл тұрғындары араласқан қақтығыстан 80 адам жарақат алып, арнайы жасақтың бір қызметкері оққа ұшты.

Кейін күштік құрылымдарға экс-президенттің өзі берілген еді.

Атамбаеты ел басқарған кезде криминалды авторитет Азиз Байтықовты заңсыз босатып, жемқорлыққа жол берді деп айыптаған болатын. Ол 26 тамызға дейін қамауға алынды.

Г. Меңдеева 

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel