RU
Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы әйгілі Салахпен кездесті (фото)

Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы әйгілі Салахпен кездесті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Әли Тұрғанбеков "Ливерпульдің" футболшысы Мохамед Салахпен кездесті. Мүмкіндігі шектеулі қазақ баласы англиялық клубтың жұлдызды ойыншылармен бір алаңда жаттығу жасап, футбол ойнаған. Қуанышы қойнына сыймаған бала кездесуден алған әсерімен Instagram парақшасында бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли УЕФА Суперкубогы үшін матчке шақырту алып қана қоймай, жұлдызды аяқдопшылардың жабық түрде өткен жаттығуына қатысу мүмкіндігіне ие болған.

"Достар, мені УЕФА Суперкубогына шақырды. "Ливерпуль" - "Челси" матчы! Қуанышымда шек жоқ. Өзімнің қаншалықты бақытты екенімді айтып жеткізе алмаймын. Бұл арманымды орындаған УЕФА, УЕФА қорына және Қайрат Советұлына алғысымды білдіремін. Дәл осы кісі бұл ғажайыпты ұйымдастырып, маған ұмытылмас әсер сыйлады" , - деп жазды Әли Тұрғанбеков.

"Ливерпульдің" маңызды матч алдындағы жаттығуында қазақ баласы Мохаммед Салах, Роберто Фирмино есімді танымал аяқдопшылармен және команданың бас бапкері Юрген Клоппен кездесіп тілдескен.

Кездесу барысындағы суреттерден мысырлық футболшының Әлиге өз қолтаңбасын қойып жатқанын да байқауға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Әли Тұрғанбеков әйгілі Мессимен кездескен болатын. Оған қоса, бразилиялық шабуылшы Неймар қазақ баласымен түскен суретін желіде жариялаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel