RU
Дана Нұржігіт бастаған жаңа депутаттар сенатқа келді (фото)

Дана Нұржігіт бастаған жаңа депутаттар сенатқа келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Дүйсенбі, 12 тамызда мемлекет басшысының жарлығымен парламент сенатының депутаттары тағайындалды. 13 тамызда тағайындалған депутаттар сенатқа келген. Бұл туралы жоғарғы палатаның баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева хабарлад деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Ол Facebook желісіндегі парақшасында жаңа сенаторлардың суретін жариялады.

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Андрей Лукин, Ляззат Сүлеймен, Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігіт, Қанатбек Сафинов пен Асқар Шакиров депутат ретінде сенатқа алғаш рет келіп, ұжыммен, жаңа жұмыс орнымен танысты.

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Жаңа жұмыс орнына бірге келіп, алдымен сайт үшін суретке түсіп, сосын қолдарына депутаттық портфельдерін алды.

Ішінде қажетті ақпараттың барлығы бар: заң жобалары, алдағы жоспарланған іс-шаралар кестесі, анықтама мен дауыс беруге арналған пультті қолдану бойынша нұсқаулық.

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Сонымен қатар кездесу барысында Дана Нұржігіттің қолында парламент сенатының логотипі бар визитка салғыш көзге түскен.

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Тележүргізуші кейіннен оны осыдан екі жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевтан алғыс хат және қаламсаппен бірге сыйға алғанын, содан бері тастамай пайдаланып келе жатқанын айтқан.

Қаламсапты баласына берсе, өзі осы қорапшаға банк картасын мен құжаттарын салып келген екен.

"Бұдан былай депутаттық лауазымдағы визиткамен толығады деп ойламаппын", - деді Дана Нұржігіт.
Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Еске сала кетсек, Дана Нұржігіт президент жарлығымен парламент сенатының депутаты атанған болатын

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Фото: Facebook/Эльвира Жүргенбаева

Сіздің реакцияңыз
6
0
1
0
1
27
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel