RU
Әбдірахымов өзін тендерге қатысты айыптаған журналистке жауап берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әбдірахымов өзін тендерге қатысты айыптаған журналистке жауап берді

Рассказать Вконтакте

Зәуре Мирзаходжаева есімді журналист өзінің Facebook парақшасында Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жұмысына қатысты жазба жариялады. Қаланың бұрынғы басшысы өзіне айтылған шағымға жауап берді деп жазады Bnews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

БАҚ қызметкерінің мәліметінше, Шымкенттің бұрынғы әкімі бюджеттік ақшадан PR-ға қыруар қаржы жұмсаған көрінеді.

Жазба авторы ақша құрылтайшысы бұрынғы әкім орынбасары Данат Жумин болған "APEX-Consult" ЖШС арқылы өткізілгенін атап өтті.

Зәуре Мирзаходжаева аталмыш компания 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында Шымкент әкімдігінен 97 млн теңге (300 мың доллар), ал 2018 жылы 56 мың доллар қаржы алғанын жазды.

Журналистің айтуынша, 2017 жылы 10 лоттың жетеуі жоғарыда келтірілген ЖШС-ға "альтернативсіз негізде" берілген.

Мирзаходжаеваның мәліметінше, мемлекеттік қаржы "позитивті имидждік матриалдарды жариялауға" және "қала брендтерін жоғары дәрежеге жеткізетін" материалдарға жұмсалған.

"Зың мемлекеттік миллиондарды өз пиарына және адамдарың миын улауға жұмсаған" , - деп жазды жазба авторы.

Ғабидолла Әбдірахымов өзіне шағымын жеткізген журналиске жауап берді. Оның сөзінше, ол әкім қызметін атқарған. Ал тендерлерді өткізуге арнайы бөлімдер мен конкурстық комиссия жауапты.

"Мен енді әрбір конкурсты бақылауым керек пе? Алса, алды. Қандай да бір мәселелер болса, өтініш құқыққорғау органдарына берсін. Солар айналыссын. Ешқандай сұрақтар жоқ. Әлдекім құқық бұзған болса, әрбір құқықбұзушылық жазаланады. Мыңдаған конкурс өткізіледі, мен әрқайсысын қадағалай алмаймын ғой" , - деп жауап қатты Шымкенттің бұрынғы әкімі.

Сонымен қатар экс-шенеунік журналист жазбасында келтірген бұрынғы орынбасарымен жақсы қарым-қатынаста екенін алға тартты. Алайда, Әбдірахымов онымен көптен бері сөйлеспегенін де айта кетті.

Айта кетейік, Әбдірахымовтың Шымкент әкімі қызметінен босатылғаны туралы 30 шілде күні хабарланды. Қазіргі таңда үшінші мегаполисті Ерлан Айтаханов басқаруда.

Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметтен босауына қатысты пікір білдірген Президент әкімшілігінің өкілдері бұрынғы қала басшысына деген саяси сенім түгесілгенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
5
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel