Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кей аудандарда сел жүруі мүмкін (видео)

Опубликовано:

Бүгін таңертең Алматы қаласы Наурызбай ауданының тұрғындарына дауыс зорайтқыш арқылы сел жүруі мүмкін екені жайлы ескерту жасалаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Белгілі болғандай Наурызбай ауданында шағын сел жүрген.

"2019 жылдың 14 тамыз күні Наурызбай ауданында шағын көлемде сел жүрді. Халықты хабарландырып үлгердік. Зардап шеккендерді жинау және эвакуациялық орындар белгіленді. Энергетика қызметіне жарық пен газды өшіру туралы тапсырма берілді. Халықты ескертіп шығарып жатырмыз. Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің арнасымен төмен орналасқан Әуезов және Алатау аудандарында тұратын халыққа хабар таратуда. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылды, жақын маңда орналасқан елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады әкімдіктен.

ҚазАқпараттың мәліметінше, судың деңгейі күрт төмендеген және бөгетті кез келген сәтте бұзып өтуі мүмкін

"Қарғалы өзені ағатын Наурызбай ауданында сел жүру қаупі бар, себебі судың деңгейі күрт төмендеген және бөгетті кез келген сәтте бұзып өтуі мүмкін. Мүмкіндігінше құжаттарыңызды алып, қалаға қарай кетіңіздер. Бөгет бұзылмауы да мүмкін, алайда қауіптің ықтималдығы жоғары", - деп түсіндірді 112 нөмірінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810838-almatyda-sel-zrui-mmkin/

pixel