Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Головкин әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жектің барлық шарттарына келісті

Опубликовано:

Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен өтетін жекпе-жектің барлық шарттарына келіскен. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бокс кеші 5 қазанда Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында өтеді деп жоспарлануда.

Оның көрсетілімін DAZN стриминг қызметі қамтамасыз етпек.

"Дереккөздер: GGG 5 қазанда Деревянченкомен жекпе-жек өткізу үшін барлық шарттарға келісті. Украиналық боксшының кеңесшілері – Кит Коннолли мен Эл Хэймон әлі келісім шартқа қол қоймады. Қол қойылған соң Геннадий Головкин IBF атағын қайтаруға мүмкіндік алады", – деп жазды Майк Коппинджер.
"Бұл іс промоутерлік сауда-саттыққа бармайды. Келісім іс жүзінде аяқталып қалды", – деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810842-bak-golovkin-lem-cempiony-atagy-sin-zekpe-zekti-barlyk-sarttaryna-kelisti/

pixel