RU
"Аяймын": Жазира Байырбекова зейнетке шығу жасына қатысты мәселені көтерді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Аяймын": Жазира Байырбекова зейнетке шығу жасына қатысты мәселені көтерді

Рассказать Вконтакте

Әнші Жазира Байырбекова еліміздегі зейнетке шығу жасына қатысты мәселені көтеріп, билік өкілдеріне үндеу жолдады. Эстрада жұлдызы егде жастағы қариялар немерелеріне тәрбие берудің орнына қартайған шағында әлі де жұмыс істеуге мәжбүр екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова ата-әженің тәрбиесі өскелең ұрпақтың болашағына елеулі түрде әсер ететінін жеткізген.

Әнші Instagram парақшасында аса маңызды қоғамдық тақырыпты қозғап, билік өкілдеріне халық өтінішін білдірді.

"Ер адамдар 60 жаста, әйел адамдар 55 жаста зейнетке шығып, өз денсаулықтарына көңіл бөлсе. Немерелеріне күні түні қарамаса да бірге болатын уақыттары көбейсе, ұрпақ тәрбиесіне пайдасы тиер еді.
Қазір көп отбасында мамасы да, папасы да, атасы да, әжесі де жұмыста. Бүгінгі күннің балаларын аяймын! Менің биліктен халық үшін сұрайтыным осы" , - деп жазған әнші.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
2
68
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel