Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Месси Неймарға қоңырау шалып, "Реал" сапына өтпеуін сұраған

Опубликовано:

"Барселона" капитаны Лионель Месси Неймарға қоңырау шалып, оның "Реал" сапына ауыспауын сұраған. Аргентиналық футболшы екі жыл бұрын өзімен бір командада өнер көрсеткен әріптесінің басты қарсылас құрамында болғанын қаламайтынын айтқан деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: © Getty Images
Фото: © Getty Images: Facebook

Екі жұлдызды аяқдопшылардың сөйлескені жөнінде алғашқылардың бірі болып испаниялық Marca басылымы хабарлады.

Айта кету керек, Неймардың болашағына қатысты ақпараттар легі толастар емес. Кейбір ақпарат өкілдері бразилиялық футболшының "Барселонаға" қайтып баратынын мәлімдесе, енді бірі оның "Реал" сапына өткелі жатқанын болжауда.

Бұған дейін, "ПСЖ" клубының спорттық директоры Леонардо Неймардың басқа командаға өтуіне байланысты келіссөздердің жүріп жатқанын растаған болатын. Оған қоса, Франция чемпионы өз дүкендерінен футболшы бар тауарлардың барлығын алып тастаған.

Cadena Cer мен Mundo Deportivo-ның хабарлауынша, Неймар Каталонияға келіп үлгерген. Басылымдар бразилиялық жұлдызды әріптесі Лиус Суарес күтіп алғанын жеткізді.

Неймар "ПСЖ" құрамына 2017 жылы өткен болатын. Париждіктер оның трансфері үшін 222 млн еуро жұмсады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1810876-bak-messi-nejmarga-koyrau-salyp-real-sapyna-tpeuin-sragan/

pixel