RU
Ирина Шейк бұрынғы жары Купердің сатқындығы жайлы жария етпекші

Ирина Шейк бұрынғы жары Купердің сатқындығы жайлы жария етпекші

Рассказать Вконтакте

Осы жазда танымал актер Брэдли Купер мен ресейлік модель Ирина Шейктің айырылысуы ел арасында қызу талқыланды. Көпшілік жұлдызды жұптың екі бөлек кетуіне не себеп болғанын біле алмай әлек болған. Алайда, жақында экс-ғашықтарға қатысты шындық мәлім болмақ. Ирина Шейк сүйіктісінің сатқындығы жайлы кітап жазып шығаруды ұйғарған деп жазады wowan.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Маусымның басында Голливудта ең әдемі жұптардың бірі саналған Брэдли Купер мен Ирина Шейктің айырылысып кеткені белгілі болды.

Жұлдыздар қарым-қатынастарын тіпті екі жасар Лея есімді қызы үшін де сақтай алмаған.

Көпшілік ғашықтардың ажырасуына актердің опасыздығы себеп болды деп есептейді.

Олар Брэдли Купер әйгілі әнші Леди Гагамен Иринаның көзіне шөп салған деп болжауда. Қос жұлдыз бір фильмге түсіп, басты рөлде ғашықтарды сомдады.

Әртістердің таныстары актер мен әншінің арасында достықтан артық ештеңе жоқ екенін айтып, оларды барынша ақтауға тырысты. Оның үстіне жақында Леди Гага басқа жігітпен сүйісіп тұрған жерінен көзге түскен болатын.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Алайда, көпшіліктің болжамы рас болып шығатын көрінеді. Жақында Ирина Шейкке дереккөз Купердің шынымен де ресейлік модельге опасыздық жасағанын растаған.

Бұл туралы ол америкалық Radar Online порталына сұхбат беріп айтақн.

Оның сөзінше, сәнбике ғашығының өзіне адал еместігін фильм түсірілімінің басында-ақ сезе бастаған.

Атын жасырып қалған адамның айтуынша, топ-модель Брэдлидің ел алдында өзге әйелмен "махаббат ойнау" керектігіне барынша көніп келген.

Бірақ, "Оскар-2019" марапаты кезінде оның шыдамы шарықтау шегіне жеткен. Гагамен Купердің әсерлі өнер көрсетуі Иринаға жақпай қалыпты.

Фото: loveradio.ru

Фото: loveradio.ru

"Ол сол сәттен бастап Брэдлиге сенуді мүлдем қойды" , - деді жұлдыздың танысы.

Шейкке жақын дереккөз модельдің жақын арада айырылысуына қатысты кітап жазып, онда Брэдли Купердің сатқындығы мен опасыздығын жайып салатынын жеткізді.

"Бірқатар ірі басылымдар оны қарым-қатынасы жайлы кітап жазуға көндіре алмай келген. Бұған дейін Шейк бұл істі барып тұрған ақымақтық санаған болатын.
Алайда, енді оның ойы өзгерді. Модель ел алдында Брэдли Купермен айырылысуына не себеп болғанын айтып бермек. Бұрынғы ғашығы жайлы бар шындықты ашып қана қоймай, бұл әрекетінен қаржылай табыс неге таппасқа?" , - деді дереккөз.
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Шейктің танысы оның кітап жазғалы жатқанынан танымал актер хабардар екенін айтты. Брэдлиге Иринаның бұл ойы мүлдем ұнамаған.

Ол барынша қызының анасымен қарым-қатынасын жақсартуға тырысып жүр.

Айта кетейік, жақында көпшілік Ирина Шейкті бейтаныс жігіттің құшағында көріп қалды.

Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel