RU
Алматы ТЖД сел қаупіне байланысты: Үрейленуге негіз жоқ

Алматы ТЖД сел қаупіне байланысты: Үрейленуге негіз жоқ

Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық ТЖД қызметкерлері Қарғалы шатқалының ауданында тұратын жұртты үрейленбеуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Тағы оқыңыздар:

Алматыдағы сел қаупі: Сағынтаев оқиға орнына келді (фото)>>

Алматыдағы сел қаупі: Тау самалы мен Қарағайлыға кіретін жол жабылды>>

Алматыдағы сел қаупі: Оқиға орнында не болып жатыр? (фото, видео)>>

Ведомствоның мәліметінше, соңғы екі айда ауа температураның тұрақты болуына байланысты, 14 тамыз күні 06:20-да Қарғалы өзені бассейнінің №1 көлі қолданыстағы жерасты каналдар арқылы босатылған.

Ағыстың болжамды жылдамдығы секундына 5 текше метрді құрап, көлдегі су деңгейі 5 куб метрге дейін төмендеді, ағынды сулардың алдын-ала көлемі 20 мың текше метрді құраған.

"Қарғалы шатқалының тұрғындарына жедел арада сиреналық-дыбыстық құрылғылар арқылы хабар таратылды. Халықты құлақтандыру үшін дауыс зорайтқыш байланыстарымен Наурызбай ауданының өрт сөндіру бөлімшелері, жол-патрульдік экипаждары жіберілді.
Наурызбай ауданындағы зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттері қабылдауға әзірленді, қауіпсіз аймаққа көшіру үшін Бостандық ауданындағы мектептер дайындалды", – делінген Алматы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Департаменттің хабарлауынша, Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені бойындағы учаскеде газ беру тоқтатылып, электр қуаты ажыратылған. Төтенше жағдайларды жою бойынша жедел штаб құрылып, Азаматтық қорғаныс қызметтері Алматы қаласы ТЖД-нің жағдай және дағдарыс орталығында жұмыстарды атқаруға жиналған.

Алматы қаласының Құтқару қызметі, ҚазАвиаҚұтқару Борты және Ұлттық Гвардияның жеке құрамы дайындыққа келтірілген.

Алматы қаласы ТЖД-нің барлық жеке құрамы, күштері мен құрылымдары дабылмен көтерілген.

Ведомствода атап өткендей, биыл аталған көлді босату бойынша алдын-алу жұмыстары 6 маусымда басталған. Ол үшін 6 өнімділігі жоғары сорғылар, пластикалық құбырлардан сифон жіптері тартылып, сондай-ақ, экскаватордың көмегімен транзиттік ағын суларға эвакуациялық канал төселді. Жалпы алғанда, жұмыс басталғаннан бері 1,6 миллион текше метр су төгілді, бастапқы көлемі 77,2 мың текше метр болған (егер бұлақтар болмағанда бұл көлді 20 рет судан босатуға болатын еді).

Сел болған кезде су басуы ықтимал 8 аудан алдын-ала анықталып, төтенше жағдайда жедел әрекет ететін 59 бірлік техника мен 216 адам дайындалған.

"Қазіргі уақытта көлден судың ағуы тоқтады, Қарғалы өзенінің арнасында судың тасуы байқалмайды. Жалпы, Қарғалы өзенінің арнасы тұрақтанды және секундына 20 текше метрге дейін су жібере алады. Жағдай тұрақты, бақылауда, үрейленуге негіз жоқ!", – деп атап өтті ТЖД баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel