Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

17 жыл бұрын "қайтыс болған" маңғыстаулық тұрғын тірі болып шықты

Опубликовано:

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғыны 2002 жылдан бері өлілер қатарына жатқызылған деп жазады Лада-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Басылымның мәліметінше, әйел адам өзінің өлілер тізіміне енгізілгенін 2016 жылы білген. Содан бері осы тізімнен шығуға әрекет жасап жүргені белгілі болды.

Осыған байланысты Жаңаөзен қалалық сотында азаматтық іс қаралғаны айтылды.

"Тұрғын акт жазбасына сәйкес, өлілер қатарына жатқызылғанын тек 2016 жылы білген. Оған дәлел ретінде өлгені туралы куәлік те бар. Осыдан соң әйел адам өзінің құқығын қорғау үшін көптеген инстанцияға барыпты. Алайда ешқандай нәтиже шықпаған. Отырыста ол соттан өзінің арызын қанағаттандыруды сұрады", - деді жаңаөзендік соттың баспасөз қызметі.

Сот істің материалдарын қарап шығып, жергілікті тұрғынның арызын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Судья Ақтау прокурорының атына 2002 жылдың 16 шілдесінде өлген адамның жеке басын анықтау және олқылықты жою жайлы қаулы шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810908-17-zyl-bryn-kajtys-bolgan-magystaulyk-trgyn-tiri-bolyp-sykty/

pixel