Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100% кепілдік береміз": Ильин селге қатысты Алматыға ешқандай қауіп жоқ екенін айтты

Опубликовано:

ІІМ басшысының орынбасары Юрий Ильин ТЖК өткен брифингте №1 көл тарапынан Алматыға қауіп жоқ екенін айтты. Дәл қазіргі уақытта судың көлемі су тасқыны мен сел жүру қаупін төндірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ortcom.kz
Фото: ortcom.kz: Facebook
"Қазіргі уақытта Алматы қаласына ешқандай қауіп жоқтығына 100% кепілдік береміз. Алматы маңындағы судың көлемі ешқандай қауіп туғызбайды.
Қазіргі уақытта көлдегі судың азаюын көріп отырмыз. 1-1,5 сағат ішінде судың деңгейі төмендейді деп ойлаймын. Бүгінде тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Басқа көлдерге келетін болсақ, ең маңыздыларын бақылауда ұстап отырмыз. Ол жердегі жағдай тұрақты, қосымша тағы тексеретін боламыз", - деді Ильин.

Естеріңізге салайық, 14 тамызда таңертең Алматыдағы Наурызбай ауданында шағын сел жүрген болатын.

ТЖД басшысы оқиға орнына видео жариялады.

Сөйтіп, әкімшілік сел жүру қаупіне орай эвакуациялық пункттердің мекенжайын жариялады

ТЖД селдің алдын-алу үшін қандай жұмыстар атқарғанын айтты.

Оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев келген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1810914-100-kepildik-beremiz-ilin-selge-katysty-almatyga-eskandaj-kauip-zok-ekenin-ajtty/

pixel